Мусин елдегі ауылдардың бәріне интернет жеткізем дейді

12:53, 28 қазан 2021

© Сурет: Zakon.kz

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Digit EL ұлттық жобасын таныстырып, Қазақстанда интернет сапасын қалай жақсартатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік бағдарламаның соңына қарай біз сапалы интернетке 100% қол жеткізуіміз керек. Интернет қалада 10 Мбит/с және ауылда 5 Мбит/с жылдамдықта болады. Біз сапа параметрлерін қоямыз, бұрын ондай болмаған. Мысалы, біз халықтың 99%-ы 3G немесе 4G-мен қамтылғанын айттық. Бірақ бұл сапа параметрлерін толық көрсетпейді", – деді "Сандық көпір – 2021" форумында цифрландыру министрі.

Ол Қазақстанда интернет жеткізу қиын 617 ауыл бар екенін атап өтті. Сондықтан министрлік төмен орбиталық спутник топтарын пайдалануды жоспарлап отыр. Қазір екі компаниямен келіссөздер жүргізілуде, олардың бірі – SpaceX екен.

Қазақстанның жері көп жағдайда ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылады. Біз премьер-министрмен ауылшаруашылық фермаларын аралаған кезде бәрінің сұрағы бірдей болды. Алдымен инфрақұрылым беріңіз, қандай қосымшалар мен технологияларды қолдану керектігін ауылшаруашылық мамандары өздері шешеді. Қазір инфрақұрылым бермей, технологияға көшуді талап ету дұрыс емес. Сондықтан біз еліміздің ауыл шаруашылығы аумақтарының 15,7%-ын сапалы интернетпен қамтамасыз етеміз, - деп түсіндірді Бағдат Мусин.

27 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі интернет пен байланыс сапасына наразылық білдірді. Оның айтуынша, интернеттің кейбір параметрлері жарнамаланады, ал іс жүзінде мүлдем басқа параметрлер ұсынылады.

Осыған байланысты ол үкіметке әкімшілік құрамды және осындай бұзушылықтар үшін санкцияларды заңнамалық түрде реттеуді тапсырды.

Сондай-ақ, цифрландыруға жауапты вице-министрлердің жұмысы сынға алынды. Мемлекет басшысы жыл соңына дейін әрбір цифрлық вице-министр үшін KPI әзірлеуді тапсырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!