Мұрат Құсайынов енді қылмыстық іспен сотталайын деп тұр

16:51, 18 маусым 2019

"Дос Мұқасан" тобының солисі Мұрат Құсайынов енді қылмыстық іс бойынша сотқа тартылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

office.sud.kz сайтындағы мәліметке сай, 20 маусымда Нұр-Сұлтанның №2 Есіл аудандық сотында Мұрат Құсайынов ісі қаралады. Оған ҚР ҚК 378 бабы 1 б. көзделген қылмыс жасады (Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау) деген айып тағылуда.

Бұған дейін Құсайынов астананың әуежайында туфлиімді шешпеймін деп дауға қалып, айыппұл арқалап шыққан болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!