Мұндайды ешқашан көрмеппін! Қостанайдың жолында мұз көшті

13:11, 19 сәуір 2021

© Сурет: alau.kz

Қостанай облысында қатты желдің салдарынан су бетіндегі сең қозғалып, тас жолды жауып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Alau.kz редакциясына осы табиғат құбылысының куәгері видео жолдап, өз әсерімен бөліскен.

Мен мұндайды ешқашан көрген емеспін, - дейді кадр сыртындағы адам.

Жолаушылар көлігі басқармасы 18 сәуірден бастап Сарыкөл ауданындағы тас жолда көлік қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады. Сең көшкіні 500 метрге жуық жолды жауып тастады. Мұздың биіктігі 5 метрге дейін жетеді.

19 сәуірде таңғы сағат 8.00-де жолды биіктігі 5 метр мұз жапты. Бұл - табиғи құбылыс. Мұның бәрі қатты желдің салдарынан болды, - деді Жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы Олжас Нұрғалиев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!