Мұнайлы ауданындағы мәдениет үйіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді

15:10, 30 қараша 2020

ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің Қаулысымен Маңғыстау облысында екі нысанға қоғам қайраткерлерінің есімдері берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шоқыр Бөлтекұлының есімі берілсін. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын", делінген жаңа Қаулыда.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап өз күшіне енеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!