Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісімен кездесті

22:49, 27 мамыр 2022

© Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Орталық Азия елдеріне сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум қарсаңында Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Америкалық дипломатты ҚР Премьер-министрінің орынбасары –Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдап, сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту және нығайту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинмен кездесуде екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері қозғалды. Тараптар қазақстандық-америкалық ынтымақтастықтың даму қарқынына қанағаттанушылық білдірді.

Дональд Лу азаматтық қоғамның қарышты дамуы мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң динамиканы атап өтіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформаларға қатысты АҚШ Әкімшілігінің қолдауын атап өтті. ҚР СІМ баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!