Митингтер кезінде Интернетті кім өшірді – Бас прокуратураның жауабы

14:21, 13 маусым 2019

Митингтер кезінде Бас прокуратураға байланыс құралдары мен интернеттің бұғатталуы туралы арыз-шағымдар келіп түскен жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Интернеттің бұғатталуына байланысты. Ия, ондай қаулы бар. Төрт органға белгілі бір өкілеттіктер берілген. Бірақ Бас прокуратураға қатысты айтсам, митинг өткен күндері байланыс құралдары мен интернеттің бұғатталуы туралы арыз-шағымдар келіп түскен жоқ, – деді Нұрпейісов.

Оның сөзінше, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларда Қазақстанда желілер мен байланысты тоқтату құқығына: Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен ҚР Қорғаныс министрлігі ие.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!