Митингте қыз баланы ұстаған видеоға қатысты полиция түсініктеме берді

11:04, 23 қыркүйек 2019
89

Республика даңғылында рұқсат етілмеген митингіге жиналғандарды тарату кезінде кәмелетке толмағандар ұсталған жоқ, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

"Кәмелетке толмаған қыз ұсталған деп әлеуметтік желілер мен телефон арқылы тараған видеодағы фактіге келсек, 2000 жылы туылған А. есімді азамат рұқсат етілмеген митингіге келуге болмайтынын айтып, үйіне қайтуды бірнеше рет сұраған полиция ескертуіне қарамастан бір орнында тұра берген. Оның үстіне құқық қорғау органдары қызметкерлерін итере-митере өзіне қарсы агрессия танытуына түрткі болған (видеодан көруге болады). Осыған байланысты А. есімді азамат басқа құқық бұзушылармен бірге ұсталды. Ұсталған кезде онда жеке басын куәландыратын құжаты болмаған. Дегенмен, анасы полиция бөлімшесіне келіп жағдайды айтқан соң, ол қыз шешесінің қолына табысталды", - делінген елордалық полицияның ресми хабарламасында.

Бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында рұқсат етілмеген митингіге қатысқан 57 адамның ұсталғандығы хабарланған.


Источник: zakon.kz


Пікір