Митинг менің позицияммен байланысты – Қосанов ашығын айтты

10:43, 24 маусым 2019
448

Сайлау нәтижелеріне қуанған Қосанов елге босқа уәде беріп, тазға отырғызып кеткен жоқпын, өтірік сөз арқылы дауыс жинамадым деп ақталды, деп хабарлайды Zakon.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

15,9% Қазақстан оппозициясы үшін үлкен жетістік болды дейді ол.

"Мен бірден жеңемін деп айтқан жоқпын. Мен популист болғым келмейді. Бағдарламамды қарасаңыз, мен несиенің бәрін кешіремін, айлықты үш-төрт есе өсіремін деп айтқан жоқпын. Өйткені популизм маған жат. Сөйтіп тұрған кезде билік басында 5% деді, артынан 7-9% деді. Түңгі сағат он екіде нағыз қызып тұрған кезде 15,9% болды. Бірі құттықтады, енді бірі ары қарай барайық деді", - дейді Әміржан Қосанов.

Саясаткер сайлаудан кейін болатын бұзақылық жайлы да алдын ала ақпарат алған. Бұны ұйымдастырған Әбіләзов мырза деп отыр Әміржан Қосанов. Бұл жайлы саясаттың төңірегінде жүргендердің бәрі білді деп ашығын айтты ол.

"Ашығын айтайын, саясатта жүргеніме 22 жыл болды. Маған өзімнің сыйлайтын, қадір тұтатын, пікіріне сенетін азаматтар, биліктің маңайында болған, қадір тұтатын, бұрын болған, бизнесте жүрген ақпараты мол, хабардар азаматтар айтты. Әбіләзов мырза 9-10 маусымда да үлкен тәртіпсіздіктер орын алуы мүмкін. Сіздің позицияңызға көп нәрсе байланысты болды деді. Қазақстан оппозициясы үшін менің алған пайыздық көрсеткішім үлкен жетістік", - дейді Әміржан Қосанов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!