Министрліктің Талдықорғандағы бөлімінің басшысы әскери билет «сатып алмақ» болған

12:57, 30 қазан 2020
280

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК Талдықорған өңірлік филиалының басшысына қатысты пара беруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол пара бермекші болған.

- Ол 2020 жылғы 26 қазанда оған мүдделі тұлғаны әскери қызметке жарамсыз деп танығаны және тиісті әскери билет бергені үшін 425 000 теңге сомасында пара беруге оқталу бойынша күдіктенеді. Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды, - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!