Министрлік Шымкенттегі жарылыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

© Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Кеше жарылыс болған Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың пациенттері басқа ауруханаларға көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, олар №2 облыстық перинаталдық орталықтың ғимаратына, Шымкент қаласының №1, 2 қалалық ауруханаларына, қалалық перинаталдық орталыққа және облыстық балалар ауруханасына көшірілді.
Олар дәрігерлер мен психологтардың тұрақты бақылауында тұрғанын бүгін өңірде өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова жария етті.
Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Марат Пашимовпен және медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен бірлесіп, жарылыс кезінде зардап шеккендер жатқызылған клиникаларды аралап шықтық. Екі пациенттің жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа 7 пациент бар, қажетті бейінді медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Науқастармен әңгімелесу жүргізілді, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына пациенттер қанағаттанды. ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова
Оның айтуынша, жаңа туған нәрестелер мен жүкті әйелдерді ауруханаға жатқызу бағытын өзгерту бойынша ұйымдастыру шаралары жалғасуда. Барлық жүкті және жаңа туған нәрестелер ерекше бақылауға алынған.
Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, ғимарат пен жабдыққа келтірілген залалды бағалауды, сондай - ақ жеке дәріханаларды тексеруді арнайы құрылған комиссия жүргізеді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 22 мамырда Шымкент қаласында №1 облыстық перинаталдық орталықтың жанында орналасқан жеке дәріхана ғимаратында жарылыс болды.

Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 2 шілде 2022
Польшаның шамамен 46 мың тұрғыны қолайсыз ауа райына байланысты жарықсыз қалды
-
17:31, 2 шілде 2022
Дауыл, жаңбыр, бұршақ. Жексенбіде бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
-
16:57, 2 шілде 2022
Алматыда Сайран көлінен бактерия – ішек таяқшалары табылды
-
16:04, 2 шілде 2022
ҚТЖ Украинаның қазақстандық кемені ұстау туралы сұрауына қатысты түсінік берді
-
15:58, 2 шілде 2022
Өзбекстанда бас көтергендер мемлекеттік органдарды басып алмақшы болғаны айтылды