Министрлік күзде қанша адамның ауыруы мүмкін екенін айтты

16:27, 10 тамыз 2020

Өткен және оның алдындағы жылдары қазан мен наурыз айлары аралығында Қазақстанда 600 мыңнан 1 миллионға дейін адам тұмаумен,ЖРВИ-мен ауырды, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы күзде коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың күрт көбеюі күтіледі, бұл маусым сайынғы тұмау мен ЖРВИ-дің қозуымен байланыстырылып отыр, - деді Қожахметов.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі бұл ықтимал құбылысқа соққы беруге дайын.

"Өткен жылы және оның аллдындағы жылдары, орта есеппен, Қазақстанда қазан мен наурыз айлары аралығында 600 мыңнан 1 миллионға дейін қазақстандықтар тұмау мен ЖРВ жұқтырып, ауырғанын білеміз деп нақты айтамын. міне, күзде де осынша адам ЖРВИ мен тұмауға қайта шалдығуы мүмкін, оған КВИ қосылуы да ықтимал", - деді министрліктің ресми өкілі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!