Министр 42 500 теңге бойынша өтініш жауабы неге кешіктіріліп жатқанын түсіндірді

16:36, 9 сәуір 2020
805

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгеге арналған өтініштерді қараудың кешіктірілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл - қайта-қайта берілген өтініштердің көптігіне байланысты. 8 сәуір сағат 23:00 уақытындағы жағдай бойынша 3,1 млн өтініш келіп түсті, оның 1,3 миллионы - бір-бірін қайталаушы.

Барлық өтініштер әртүрлі мәліметтер базасында бірнеше параметрлер бойынша мұқият тексеріледі:

Толық аты-жөнін салыстыру;

• ЖСН;

Банктік шот нөмірі;

• еңбек қызметі туралы мәліметтерді тексеру және т.б.

Бастапқыда мәліметтерді тексеру және өтініштерді қарау мерзімі 7 жұмыс күні деп белгіленген еді. Одан кейін төлемдерді тағайындау процесін жеделдету мақсатында өтініштерді қарау мерзімі 3 жұмыс күніне дейін қысқарды.

Азаматтардан 3 жұмыс күні ішінде төлем туралы ешқандай хабарлама алмай жатса, оған алаңдамауға кеңес береміз. Әрбір шағым бойынша, мәліметтер тыңғылықты тексерілгеннен кейін шешім шығады, ол туралы өтініш берушіні хабардар етеміз, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!