Министр бүгінгі теледидардағы сабақтың екі рет үзілуіне қатысты түсініктеме берді

12:57, 7 сәуір 2020

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов теледидардағы бүгінгі сабақтың ортасынан үзіліп кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Хабар-24".

"Бүгін "Еларнадағы" сабақтың Төтенше жағдайлар комитетінің коронавирус туралы ролигі қосылуының салдарынан екі рет үзілгенін білеміз. Бұл мәселеге байланысты тиісті мамандармен хабарласып, өзара келістік. Ендігәрі мұндай жағдай қайталанбайды", деп сендірді министр арнайы брифингте.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!