Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруда әлемдік тәжірибе ескерілді

19:59, 20 қыркүйек 2017

Биыл 1-шілдеде ашылған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8 млрд теңгеден астам қаражат жиналған. Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер жиын саны 4 млн адам үшін жарна аударыпты. 

Бұл мәліметтерді бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жариялады. Жаңа жүйені енгізбес бұрын еліміз Германия, Франция, Түркия, Ресей және АҚШ-тың тәжірибелерін зерттеген. Өз үлгімізді қалыптастыруда сол елдердің дұрыс және бұрыс тұстары ескерілді. Медициналық сақтандыру аясындағы емдеу шаралары азаматтарға жаңа жылдан бастап қолжетімді болады. 

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жобаларды басқару департаменті директоры:

-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін  қызметтер тізімі бойынша Үкімет қаулысының жобасы жасалды. Оған алғашқы медициналық-санитарлық, амбулаториялық-емханалық көмектен бөлек, бағасы қымбат клиникалық-диагностикалық қызметтер де кіреді. Яғни компьютерлік томография, дене буындарын алмастыру секілді бірнеше миллион тұратын жоғары технологиялық көмек көрсетілмек. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!