Мәжілісте бір депутат картадағы ақшаға көзі түскен Үкіметтің әрекеті заңсыз екенін дәлелдеп берді
Алматы облысында 2-сынып оқушысы мектепте көз жұмды. Қайғылы жағдай Текелі қаласындағы №4 мектепте болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"2-сынып оқушысы бірінші сабақ біткеннен кейін үзілісте, асығыс шығып баспалдақпен асхана жаққа беттеген. Жағдайдың қалай болғанын ешкім көрмеген. Мұғалімдер шыққан кезде, бала құлап жатқан",- дейді Текелі қаласындағы №4 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әйгерім Бексұлтанова.
Директор орынбасарының сөзінше, бала 15 минуттың ішінде көз жұмған. Бірақ денесінде ешқандай жарақат белгілері болмапты.
8 жастағы оқушы нақты баспалдақтан құлады ма, әлде қазасына басқа да себеп болды ма ол жағы белгісіз. Себебі, білім ордасының басшылығы бала кәмпитке шашалып қалуы мүмкін дегенді де айтып отыр. Өйткені оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткенде оның аузынан шоколадтың қалдықтары шығыпты.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мектепте көз жұмған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған. Аталған факті оқыс оқиға ретінде тіркеліпті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:40, 24 сәуір 2024
Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді
-
19:32, 24 сәуір 2024
Астана полициясы ТМД елдерінде іздеуде жүрген 4 қылмыскерді ұстады
-
19:19, 24 сәуір 2024
Ақмола облысында жұмыс орнында жоғалып кеткен қыз тұрмысқа шығып кеткен
-
18:51, 24 сәуір 2024
Алматыда ауа райының күрт бұзылуы салдарынан бірнеше аудан жарықсыз қалды
-
18:39, 24 сәуір 2024
Санжар Тәшкенбай Астанадағы Азия чемпионатына қатыспайды