Мәжіліс жаңа Қаржы министрінің кандидатурасын мақұлдады

18:01, 18 мамыр 2020
108

Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Қаржы министрі лауазымына Ерұлан Жамаубаевтың кандидатурасы келісілді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды. Негізгі баяндаманы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев жасады. Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді" делінген ҚР Парламенті Мәжілісінің хабарламасында.




Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір