Мәжіліс Төрағасы Иордания мен Оманнан келген әріптестерімен кездесті

08:11, 23 қыркүйек 2019
61

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі қарсаңында Иордания Хашимит Корольдігі Халық жиналысы өкілдер палатасының төрағасы Атеф Аль-Тараунмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Иордания Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды әріптесі екенін алға тарта келіп, мемлекетаралық қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтті.

Тараптар келешекте де барлық салалардағы өзара тиімді байланыстарды белсенді түрде ұлғайтуға, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды үйлестіруге, екіжақты қатынастарымыздың құқықтық негіздерін нығайтуға бірлесе қолдау көрсетуге ниетті екендерін білдірді.

Ал, Оман Аш-Шура Маджлисінің Төрағасы Халид Хилал Нассер Аль-Маауалимен жүздесуде Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Оман тарапынан жасалған жоғары деңгейдегі алғашқы сапар екенін алға тарта келіп, ерекше құрмет ретінде бағалады. Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнаған 27 жыл ішінде Қазақстан мен Оман көп бағытты әріптестікті нығайтуда жоғары табыстарға қол жеткізіп, елдеріміз арасында саяси сенім жаңа деңгейге көтерілді.

Мәртебелі меймандар арнайы шақыру үшін алғыстарын жеткізді.


Источник: zakon.kz


Пікір