Мәжіліс пен Сенат ТМД Парламентаралық Ассамблеясындағы өкілетті өкілін бекітті

10:05, 21 қыркүйек 2021
50

© Сурет: Ж.Жұмабеков

Мәжіліс және Сенат Бюросы өз отырыстарында ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясындағы өкілетті өкілі лауазымына Игорь Мұсалимовтың кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды zakon.kz Мәжіліс және Сенаттың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Игорь Мұсалимов дипломатиялық жұмыста тәжірибесі мол, Қазақстанның Беларусь, Литва, Чехия, Грузия, Молдовадағы дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істеген. 2019 жылғы маусымнан бері ҚР Сыртқы істер министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі.

Айта кету керек, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрамына кіретін әрбір Парламент ТМД ПАА Кеңесінің Хатшылығына тұрақты негізде жұмыс істейтін өзінің өкілетті өкілін жібереді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір