Мәжіліс ЕАЭО-ның темекі өнімдері акциздері келісімін мақұлдады

11:56, 3 наурыз 2021
154

© Сурет: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Келісім жобасында 2024 жылдан бастап индикативтік мөлшерлеме мен одан ауытқу диапазондарын қолдану; ЕЭК Кеңесіне акциздердің индикативтік мөлшерлемелерін бекіту және негізделген экономикалық орындылығы болған жағдайда оларды өзгерту бойынша өкілеттіктер беру көзделеді, - деді Мәжілістің пленарлық отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Акциздер мөлшерлемелерін жақындастыру 2024 жылдан бастап жүзеге асырылатын болады. Әрбір бес жыл сайын бірыңғай индикативтік мөлшерлеме және одан ауытқу диапазоны белгіленеді.

Ұлттық экономика министрі хабарлағандай, 2024 жылы сигареттерге қатысты индикативтк мөлшерлеме 1000 дана үшін 35 еуроға баламалы мөлшерде ұлттық валютада белгіленген. Үйлесімділікке қол жеткізу мақсатында сигареттерге арналған акциздердің нақты мөлшерлемелері 2024 жылы индикативтік мөлшерлемеден 20 проценттен аспай, аз жағына және көбірек жағына ауытқуы мүмкін.

Заң жобасы темекі өнімдеріне арналған акциз мөлшерлемелерінің ұлғаюы есебінен бюджетке қосымша түсімді қамтамасыз етеді. Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында темекі өнімдерінің акцизін салу саласында бірыңғай практика қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Әсет Ерғалиев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір