Мәжіліс депутаты жас патриоттарға Бауыржан Момышұлының шығармаларын оқуға кеңес берді

11:28, 22 қазан 2020
1002

Елордада Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Айбын» жастар жиынына қатысушылар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Mail.KZ.

Мәжілісменге  қазіргі уақытта байқаудың негізгі кезеңдері өтіп жатқан фронт-кеңсе мен «Айбын ТВ» студиясы таныстырылды.

Депутат балаларды қызықтырған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, патриотизм, ерлік пен батылдық сияқты маңызды ұғымдар турасында және қазақ батырлары туралы әңгімелерімен бөлісті. Мәжілісмен балаларға оқуға міндетті кітаптарды да ұсынды. Бұл тізімде Бауыржан Момышұлының шығармалары ерекше орын алады.

Айта кетейік, VI Республикалық «Айбын-2020» әскери-патриоттық жастар жиыны аясында Қазақстанның дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалармен кездесулер өткізу жоспарланған. Жиынға қатысушылар Халық Қаһарманы, Мәжіліс депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен, ауған соғысының ардагері, генерал-майор Әлімжан Ерниязовпен әңгімелесті. Мұндай адамдармен тікелей кездесулер мен әңгімелер жас ұрпақ үшін ең жақсы үлгі болып табылады.


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!