Мәжіліс депутаттары жаңа үйлердің сапасын сынға алды

22:15, 20 қаңтар 2017
442

Еліміз бойынша 1700 шақырымнан астам инженерлік желі жаңартылады. Бұл жұмыстарға 87 млрд теңге қарастырылған.

Былтыр басталған жаңарту жұмыстары биыл аяқталуы тиіс. Бұл туралы бүгін Мәжілісте айтылды.

Салалық комиссияның отырысында «Нұр Отан» фракциясының депутаттары тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелерді де көтерді. 

Елімізде қазір баспана салатын 17 комбинат бар екен. Алайда олардың ешқайсысы толық қуатта жұмыс істеп тұрған жоқ. 

Себебі типтік жоба бойынша ғимарат салу әлі жолға қойылмаған. Өңірлерді аралап келген депутаттар жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасын сынға алды.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Қыруар ақша бөлініп жатыр. Бақылау жағы жоқ. Салынып жатқан үйлердің сапасы жоқ. Оған міне, көзіміз жетіп келді, аймақтарға барып келдік. Көздерін шұқып тұрып айттық. Бірақ оның нәтижесі қалай болады? Сондықтан мынау бақылау органдары кабинеттерінде отырмай, барып, сол салынып жатқан үйлердің бас көзінде жүру керек деп ойлаймын мен.

Мархабат Жайымбетов, ҚР ҰЭМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы

-Қазір мемлекеттік қабылдауды 4 адам жүргізеді. Олар: тапсырыс беруші, мердігер, авторлық қадағалау және техникалық бақылау. Осы 4 адам әкімшілік жағынан да, қылмыстық тұрғыда да үйдің сапасына тікелей жауап береді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!