Мәжіліс Байқоңырда тұратын ҚР азаматтарына ТМККК көрсетуді мақұлдады

15:19, 20 маусым 2018

Мәжіліс жалпы отырыста РФ-мен ғарыш айлағының қызметкерлеріне, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге енгізілетін түзетулерді
ратификациялауды қолдады, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

Заң жобасын таныстырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР және РФ Үкіметтері арасындағы қазіргі келісім аясында Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына, яғни 48 мыңнан астам адамға, РФ Байқоңыр кешенін жалға алғандықтан, РФ заңнамасына сәйкес ресейлік медициналық ұйымдар ғана медициналық қызмет көрсете алатынын атап өтті.

"Қазақстанда жүзеге асырылатын медициналық көмектің ерекшеліктеріне байланысты ел азаматтары заңнамамызға сәйкес тегін медициналық көмекті, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тегін алу, профилактикалық медициналық тексеруден өту заңды құқығымен қамтамасыз етілмеген. Тұрғындарда өзге өңірлердің тұрғындарына қолжетімді мамандандырылған медициналық көмекті алу мүмкіндігі жоқ. Бұл өмір сүру сапасының төмендеуіне әкеледі", – деді Біртанов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!