Месси гол саны бойынша Марадона мен Роналдуды басып озды

10:34, 4 желтоқсан 2022

© Сурет: twitter.com/FIFAWorldCup

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатында өзінің тарихи голын соқты және үздік шабуылшы тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Месси кәсіби карьерасындағы мыңыншы матчында гол соқты. Ол испаниялық Барселона үшін 778, франциялық ПСЖ үшін 53 және Аргентина құрамасы үшін 169 матч ойнаған.

Бүгінгі гол – оның әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы голы. Ол биылғы мундиаль кезінде барлығы тоғыз гол салған, оның сегізі топтық кезеңде соғылған. Сондықтан бұл гол ол үшін тарихи болды.

Месси өзінің аты аңызға айналған отандасы Диего Марадона мен басты бәсекелесі – португалиялық Криштиану Роналдудан озып кетті – екеуінде де сегіз доп бар.

Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионаты финалының 1/8 матчында Австралия құрамасын 2-1 есебімен жеңді.

Голды Лионель Месси (35-минут) және Джулиан Альварес (57) салды. Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес 77-минутта өз қақпасына допты өткізіп алды.

Аргентина құрамасы 9 желтоқсанда, ширек финалда Нидерланды құрамасымен ойнайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!