Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы жарияланды

19:16, 27 наурыз 2017

Облыс, қала мен аудандық мәслихаттың босаған депутаттарының орнына өткен сайлау қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясы келтірген дерекке сай наурыздың 26-сы саяси науқан республикамыздың 12 өңірінде болды.

57 орынға 201 кандидат ұсынылған. Партиялар атынан 62 үміткер, өзін-өзі ұсынғандар – 139. Осылайша бір депутаттық мандатқа  орташа есеппен 3 үміткерден таласты. Сайланғандардың 95 пайызға жуығы жоғары, қалғандары арнаулы орта білім ошақтарын аяқтаған.  

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

-Сайланған депутаттардың орташа жасы – 46,5 жас. Ең жас депутат 22 жаста. Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының бірінші сайлау округінде сайланды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!