Мәскеуде Гала-концертте қазақстандық әртістер ел мәдениетін танытты

23:15, 12 қараша 2025

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ президенті Владимир Путин Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған мерекелік кеш Үлкен театрда өтті.

Сахнада қазақтың музыкалық және хореографиялық өнерін насихаттап жүрген танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Бұл концерт Қазақстанның бай мәдени мұрасын танытып, екі елдің рухани диалогын нығайтуға ықпал етті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!