Мәселе шешілді - Нығматулин шетелге орган шығару туралы

17:35, 21 ақпан 2020
281

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулин "Nur Otan" партиясы фракциясының кеңейтілген отырысын өткізді. Депутаттар халық денсаулығы туралы кодекспен жұмыс істеу барысында азаматтық қоғамның пікірлерін ескерді, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Мәжіліс "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасын бірінші оқылымда қарауға дайындық үстінде.

"Nur Otan" партиясы фракциясының депутаттары заң жобасының ең резонанстық нормаларын мемлекеттік органдардың басшыларымен, белгілі қоғам қайраткерлерімен, медициналық қоғамдастық пен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен фракцияның кеңейтілген отырысында талқылады.

Фракцияның кеңейтілген отырысын ашқан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин:

- Біз денсаулық мәселесін фракция отырысында талқылау туралы арнайы шешім қабылдаған болатынбыз. Өздеріңіз білесіздер бұл мәселе бүгінде бүкіл халықтың назарында. Әрине денсаулық мәселесі ол біздің мемлекеттің басты байлығы. Сол үшін осы Денсаулық Кодексі әзірленді. Қазір Мәжілістің қарауында. Көптеген ұсыныстар, пікірлер айтылып жатыр. Біздің депутаттарымыз аймақтарда болған кезде де осы Кодекс бойынша көптеген талқылау болды. Бүгін де ашық, жария түрде тағы да жан жақты талқылайтын боламыз. Нәтижесінде жоғары деңгейдегі сапалы заң қабылдауымыз керек, - деді.

Нұрлан Нығматулин Кодекс жобасы Мәжіліске келіп түскен сәттен бастап, депутаттардың қатысуымен түрлі алаңдарда қызу талқыланғанын айтты.

Нәтижесінде, көптеген күрделі мәселелер бойынша ымыраға келді. Атап айтқанда, бұл трансплантология мәселесі.

Отырыста А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының Басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов, "Өмір Сыйы" Республикалық қоғамдық қорының басшысы Сандуғаш Орынбаева мен "Аман-саулық" Қоғамдық қорының жетекшісі Бақыт Түменова өз ұстанымын білдірді.

Ал шетелге ағзаларды экспорттау нормасына қатысты Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Кодекс жобасында біздің мемлекетімізден тыс жерде жүрген Қазақстан азаматтарына медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ғана трансплантациялау үшін экспорттау мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, фракция отырысында вакцинация нормасына ерекше назар аударылды.

Бұл жайында жұқпалы аурулар бойынша мамандар, мектепке дейінгі мекемелердің өкілдері және Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өз ойларымен бөлісті.

Қоғамдағы түрлі пікірлерді ескере отырып, жұмыс тобы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, профилактикалық егулер міндетті және ерікті болып бөлінгенін ұсынды. Қазақстанда тұрақты тұратын адамдар міндетті профилактикалық егулерден өтуі керек. Егер баланың денсаулығында медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса міндетті вакцинациялардың тізіміне сәйкес вакцина жасалады.

Алайда, сапасыз вакциналарды жеткізу, вакциналарды сақтау, тасымалдау және пайдалану ережелерін сақтауға қатысты жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Осыған сәйкес, Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің құзыреті күшейтілмек.

Сонымен қатар, науқастың өмірін жасанды қолдау шараларын тоқтату туралы ортақ ұстаным әзірленді, ол туыстарының келісімінсіз бұл шара тоқтамайды.

Фракцияның кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау кодексі жобасының әрбір нормасы жан-жақты, терең талқыланды.

Отырыста Тұтынушылар құқығын қорғауға арналған ұлттық коалиция Төрағасы Мұрат Әбенов, саясаттанушы Данияр Әшімбаев сөз сөйледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір