Мерзімі өткен өнімдер анықталған жағдайда тұтынушы қайда жүгіне алады

16:06, 20 ақпан 2020

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін дүкендерінде сату фактілері анықталған және табылған жағдайда тұтынушылар ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне (ТҚҚК) жүгіне алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ретінде ТҚҚК мүдделі органдармен бірлесіп, нормаларға сәйкес келмейтін өнімді өткізетін кәсіпкерлерді заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілікке тарту және алып қою жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Сіз ТҚҚК-не жазбаша мекен-жай бойынша: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 2-кіреберіс.

Сондай-ақ электрондық өтінішті egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жіберуге болады, келесі сілтеме бойынша: https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!