Мемлекеттік шекараның барлық шебі бойынша жүргізіліп жатқан жоспарлы шекаралық операция жалғасуда

12:06, 20 қазан 2017

Қазақстан-Қырғызстан премьер-министрлерінің кездесуінен кейін 19 қазан күні сағат 00:00-ден бастап екі елдің мемлекеттік шекарасын, әсіресе Қордай бекетін кесіп өту тәртібін қамтамасыз ету жөнінде тиісті шешім қабылданған еді. 

Екі елдің үкімет жетекшілерінің келісіміне сәйкес, қол жүктерімен өтетін жеке тұлғалар, жолаушылар тасымалдайтын автокөліктер, жеңіл автокөліктер және бос жүк көліктері шекараны кесіп өтудің басым тәртібіне ие. Қазақстан шекара қызметінің соңғы мәліметіне жүгінсек, 19 қазан түнгі сағат 12-ден бастап, 20 қазан түнгі сағат 12-ге дейін, яғни бір тәулік ішінде Қордай учаскесі арқылы 16 мыңнан астам адам мен 2 мыңнан астам көлік өткен. Қазіргі таңда Қордай шекара бақылау бөлімінің төлқұжат тексеру залында 15-ке жуық оператор жұмыс істеп отыр. Сондықтан құжат тексеру жылдам өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік шекараның барлық шебі бойынша жүргізіліп жатқан жоспарлы шекаралық операция әлі жалғасуда. Оныншы қазаннан бастап ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау да күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін жүздеген құқық бұзушылықтар анықталды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!