Мемлекеттік сатып алуға делдалдардың қатысуына тыйым салынады

14:59, 26 ақпан 2021
552

© Сурет: bakdar.org

Бүгін - 26 ақпанда Сенат депутаттары Үкімет сағатында "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл заңнан депутаттар отандық өнім өндірмейтін кәсіпорындардың өнім жеткізудегі мүмкіндіктерін алып тастауды ұсынып отыр.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік саясаттың мақсаты мен міндеттерін, нақты айтқанда, минералдық-шикізаттық саясаттан өңдеу саясатына көшу, экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өнім өндіру үшін жағдай жасауды заңнамалық түрде айқындау ұсынылды.

Тағы бір ұсыныс – инвесторларға салықтық жеңілдіктердің әртүрлі деңгейін беріп көру. Яғни, компания өндіріске неғұрлым көп инвестиция салса, соғұрлым жеңілдіктерге ие болады.

Сенаторлар ұсынған принцип өнеркәсіпшілерді өнімді неғұрлым терең өңдеуге ынталандыруға тиіс, ол бойынша ұлттық жобаларды әзірлеу кезінде өндірісті қайта бөлу деңгейі жоғары компанияларға әрқашан басымдық берілуі қажет. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпорындар да неғұрлым жауапты болуға тиіс. Сенаторлардың пікірінше, мемлекет тарапынан қолдауға ие бола отырып, олар өндіріс, экспорт, инвестиция көлемі, жергілікті қамту үлесі, сондай-ақ, қайта бөлу деңгейі бойынша өздеріне көбірек міндеттеме алуы керек.

Депутаттар тыңдау барысында жұмыс істемейтін өндірістерге ревизия жүргізіп, олардың ішіндегі бәсекеге барынша қабілетті өндірістерді қайта іске қосу бойынша Жол картасын әзірлеуді ұсынды. Өңдеуші өнеркәсіптің орта және ірі субъектілерін синдикатталған қарыздар және лизинг түрінде несиелеумен қамтуды кеңейту үшін жаңа қаржы құралдары ұсынылды.

Үкімет сағатына дайындық аясында Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары түрлі министрліктер мен мекемелердің, "Атамекен" палатасының басшылығымен, сондай-ақ, сала сарапшыларымен көптеген кездесулер өткізіп, 100-ге жуық мәселені талқылады.

Үкімет сағатының қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар Министрлер кабинетіне жолданады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!