Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті
© Сурет: Ақорда
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның онлайн жүйесіндегі отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Отырысты ашқан Қырымбек Көшербаев мемлекеттік рәміздер біздің Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы болып табылатынын және үш онжылдық бойы Қазақстан халқының бірлігін, тұтастығын және азаматтық бірегейлігін бейнелейтінін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы сондай-ақ, Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік рәміздерді пайдалануды кеңейтуді көздейтін заңнама мен нормативтік актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірленгенін айтты.
Отырыста Мәдениет және спорт министрі Райымқұлованың Мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, геральдикалық зерттеулер орталығының қызметі туралы, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Атамқұлов пен Ақмола облысының әкімі Маржықпаевтың мемлекеттік рәміздерді насихаттау және пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары жөніндегі баяндамалары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев мемлекеттік рәміздер мен геральдика саласы бойынша, атап айтқанда, осы бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, ведомстволық наградаларды оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жастарға патриоттық тәрбие беруде қоғамдық ұйымдардың әлеуетін кеңінен пайдалану туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне өңірлерде мемлекеттік рәміздерді насихаттау орталықтарының тиімді қызметін қамтамасыз ету, шалғай ауылдық округтердегі осы жұмысқа ерекше назар аудару тапсырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:01, 29 наурыз 2024
Елімізде екі айда 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
-
15:40, 29 наурыз 2024
Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты
-
15:22, 29 наурыз 2024
«Еліткіш газды» айналымға енгізетіндер үшін жаза күшейтіледі
-
15:05, 29 наурыз 2024
Алматы полициясы GSM терминацияға арналған алаяқтық жабдығы бар пәтерді анықтады
-
14:43, 29 наурыз 2024
29 наурыздағы түскі саудада доллардың құлдырауы жалғасты