Мемлекеттік қызметшілердің компьютерлері 18:30-да автоматты түрде өшірілетін болады
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сегіз сағаттық жұмыс күніне кейін мелекеттік органдардағы компьютерлердің өшірілуін қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барлық мемлекеттік органдарға өзгермелі кесте мен сегіз сағаттық жұмыс күніне кейін мелекеттік органдардағы компьютерлердің автоматты өшірілуін енгізу қажет. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы тарапынан сын айтылды. Барлық дерлік меморгандар мұны қолдады, 18:30-да компьютерлерді өшіруді орталықтандыру мәселелері шешілді. Енді мұны қадағалау керек. Біз мемлекеттік қызметшілердің жұмысы мен жеке өмірі арасындағы теңгерімді сақтауымыз керек», - деді Шпекбаев 2018 жылдың екінші жартысындағы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысында.
Сонымен бірге, Агенттік төрағасы емлекеттік қызметшілердің электронды құжат айналымы жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы айтып берді.
«Жаппай «бұлттық» технологиялар енгізіліп жатқанда, біз мемлекеттік қызметшілерді кабинетке байлап, басқару шешімдерін қабылдауда қажетсіз әуре-сарсаңға салып жатырмыз», - деді ол.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:35, 19 сәуір 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі елдің Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты
-
13:20, 19 сәуір 2024
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
-
12:42, 19 сәуір 2024
Тоқаев: «Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ»
-
12:31, 19 сәуір 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 19 сәуірдегі валюта бағамы
-
12:01, 19 сәуір 2024
Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті