Мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудың үшінші кезеңі басталды

18:55, 27 наурыз 2017
579

Бұл сынақ бетпе-бет әңгімелесу түрінде өткізіледі. Оған қатысушылар қызметтік міндеттері, лауазымдық құзыреттері жайлы ауызша жауап береді.

Мемлекеттік қызметкерлерді кезектен тыс кешенді аттестаттау ақпанның бірінен басталған еді. Алғашқы кезең тестілеуге Қостанай облысы бойынша 3607 адам қатысты. Соның үштен бірі өте жақсы деп бағаланды. 

Ең төмен нәтиже көрсеткендердің саны – сегіз. Қалғандарына қанағаттанарлық және тиімді деген қорытынды шығарылды. 

Рүстем Болат, облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы: 

-Жоғары аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден 41 адам өтті. Жергілікті атқарушы органдардан комиссияда әңгімелесуден 23 адам қызметкер, оның ішінде 2 басшы атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келетін және лауазымын жоғарлатуға ұсынылған. Мемлекеттік лауазымын төмендетуге 2 мемлекеттік қызметші ұсынылған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!