Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы департаментінің басшысы тағайындалды

13:29, 30 қараша 2020
207

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Тоқтамыс Жұмағұлов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тоқтамыс Кадошұлы 1965 жылы туған. "Тарих, қоғамтану және кеңестік құқық оқытушысы", "заңгер", "экономист" мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1990 жылы Өскемен пединститутының Саяси экономика кафедрасында оқытушы болып бастаған. 2000 жылға дейін жоғарғы оқу орнында оқытушы, кафедра доценті және кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2000-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бірқатар облыстардағы департаменттерінің басшысы болып жұмыс істеді.
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының "Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" КММ басшысы болып, Ғалым Андалиев тағайындалды.
Ғалым Меңдалыұлы 1969 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары "Сызу, бейнелеу өнері және еңбек" және "заңтану" мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1994 жылы БҚО Тайпақ ауданы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1999 - 2002 жылдар аралығында Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы әскери комиссариатында іс жүргізуші болып еңбек етті.

2002-2016 жылдары Бейнеу аудандық әскери комиссариатының бөлім бастығы, Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бөлім бастығы. Кейін Маңғыстау облысының әскери қызметке қабылдау басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Соңғы 2 жылда Ақтау қаласындағы № 28 мектепте алғашқы әскери дайындық бойынша педагог, сондай-ақ Ақтау білім үйлестіру орталығының эстетикалық және спорттық пәндер бойынша әдіскері болып жұмыс істеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір