Мемлекет басшысы Төлеубек Аралбайдың туыстарына көңіл айтты
© Сурет: auezov-theatre.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Төлеубек Аралбайдың дүниеден өтуіне байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Театр және кино актеры Төлеубек Аралбай 72 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Президент артистің қажырлы еңбегі мен театр және кино өнеріне қосқан үлесі ұмытылмайтынын айтты.
Төлеубек Мұхамеджанұлы қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында ұзақ жылдар қажырлы еңбек етті. Отандық кино мен телесериалдардың сәнін кіргізіп, актерлық шеберлігімен көрермен көзайымына айналды. Ұстаз ретінде көптеген таланттың жолын ашты. Театр және кино өнерін өркендетуге мол үлес қосқан Төлеубек Мұхамеджанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.
Актердың ұлттық сахнадағы биік өнері бағаланып 1995 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген артисі" атағына ие болды.
1998 жылы "Астана" медалін, 2006 жылы "Құрмет" орденін, 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалін алды.
2017 жылы "Парасат" орденінің, 2018 жылы "Үздік екінші пландағы актер" номинациясы бойынша Қазақстан Театрлар Ассоциациясның "Сахнагер" Ұлттық театр сыйлығының иегері атанды.
Актер "Аждаһа жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Азиат", "Қызжылаған", "Шегіртке", "Көшпенділер", "Рекэтир", "Періште", "Мұстафа Шоқай", "Астана – махаббатым менің", "Жаужүрек мың бала", "Жоюшы", "Ликвидатор" фильмдерде негізгі рөлдерде ойнаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:29, 25 сәуір 2024
Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды
-
19:17, 25 сәуір 2024
Полиция қызметкерлерін көлігімен соққан жүргізуші 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
-
18:50, 25 сәуір 2024
Шымкентте есірткіні чипс қаптамасымен тасымалдаған алматылық ұсталды
-
18:27, 25 сәуір 2024
Еркін күрестен соңғы лицензиялық турнирге қай балуандар қатысады
-
18:03, 25 сәуір 2024
Қазақстан мен Қытай депутаттары жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін талқылады