Мемлекет басшысы Павлодар облысының өндіріс ошақтарымен танысты

14:45, 17 шілде 2018

Мемлекет басшысы Павлодар қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті балқытылған аллюминий және жеңіл қорытылатын автомобиль дискілерін өндірудің технологиялық үдерісімен танысты.

Мемлекет басшысына «Павлодар» еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобалар жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа дайын өнім үлгілері, атап айтқанда, жылыту радиаторлары, автомобильдердің қосалқы бөлшектері, темір жол вагондарының дөңгелектері көрсетілді.

Мемлекет басшысы тоқ өткізетін кабель жасау технологиясымен және кәсіпорынның даму перспективаларымен танысты.

Қазақстан Президентіне ішкі және шетелдік нарыққа шығарылатын дайын өнім үлгілері де көрсетілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!