Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді

15:45, 29 қазан 2020

ҚР Ішкі істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы сотталғандарға рақымшылық жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

– Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қылмыстың өршуіне және түрме "тәртібінің" таралуына мүлде жол беруге болмайды. Ондағы жағдайдың аса мәз емес екені мәлім. Бас бостандығынан айырмай жазалауға қатысты түйткілдер бар. Министрлік қылмыстық-атқару жүйесіндегі мәселелерді шешу бойынша нәтижелі жұмыстар көрсетуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!