Мемлекет басшысы Бейбіт Атамқұловты қабылдады

14:31, 22 мамыр 2018
321

Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президентіне министрлік тарапынан атқарылған ұйымдастырушылық іс-шаралардың нәтижелері және V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Б.Атамқұловтың мәліметіне сәйкес, «KADEX-2018» халықаралық көрмесіне 48 елдің ресми делегациясы келеді. Көрмеде әлемнің 28 елінен 318 компания өз экспозициясын таныстыратын болады.

Сонымен қатар, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Елбасыға қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы стратегиялық және нормативтік құқықтық құжаттардың әзірлену барысы туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!