Мемлекет басшысы Алматы облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

10:38, 16 қыркүйек 2019
352

Алматы облысындағы қайғылы оқиғадан соң екі сағаттан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қысқа-нұсқа жазбасында Президент қайғылы оқиғадан мерт болған адамның туған-туыстарына көңіл айтып, бұған қатысты тергеудің басталғанын жеткізген.

"Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды" деп жазды Президент Твиттердегі парақшасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!