Мекенжай бойынша тіркелу үшін енді ХҚО-ға барудың керегі жоқ

12:47, 15 қазан 2019
273

Мекен-жайды ауыстырып, тіркеуден шығатын болсаңыз, енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың керегі жоқ. Тек "электронды үкімет" порталына онлайн режимде өтініш берсеңіз болғаны, деп хабарлайды Zakon.kz Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтініш беру үшін пәтер иесі "электронды үкімет" порталындағы жеке кабинетіне кіріп, тіркеуден шығару бойынша қызметті және тіркеуден шығатын мекенжайды (елді-мекен, көше, үйдің және пәтердің нөмірі) таңдауы қажет. Осыдан кейін жеке кабинетке мемлекеттік қызметтің аяқталғаны жөнінде хабарлама келіп түседі.

Айта кетелік, бұған дейін тіркеуден шығару үй иесі Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жеке өзі жүгінген жағдайда ғана жүзеге асырылатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!