Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

© Сурет: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Мейіржан Юсупов 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін "Экономика және басқару" мамандығы бойынша, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді, 2007 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған. Кейіннен "Демир Қазақстан Банк" АҚ-да, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-да жұмыс істеді.
2010 жылдан бастап 2020 жылғы қараша аралығында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қазынашылық бастығы, директоры, экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болып жұмыс істеді.
2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:28, 20 сәуір 2021
Ақылды айтса құлақ аспай, ақымақтың сандырағына сенетін заман келді
-
17:04, 20 сәуір 2021
Тоқаевқа еліміздегі криминогендік жағдай баяндалды
-
17:03, 20 сәуір 2021
Байқаңыз! Алматыда Gelandewagen мінген 01-ші бай жүр
-
17:00, 20 сәуір 2021
Шыңғыс Айтматовтың жұбайы дүниеден озды
-
16:48, 20 сәуір 2021
ШҚО-да өзен жекенің қолына өтіп, балық қырылып қалды
Пікір