МЭЕҰ бас хатшысы Мохаммед Баркиндо қайтыс болды

13:26, 6 шілде 2022
297

© Сурет: Twitter/OPECSecretariat

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының бас хатшысы Мохаммед Сануси Баркиндо 63 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының бас хатшысы Мохаммед Баркиндоның қайтыс болғанын Нигерия ұлттық мұнай корпорациясының (NNPC) басшысы Маллам Меле Кяри Twitter-де хабарлады.

Мохаммед Баркиндо 2016 жылдың тамызынан бері МЭЕҰ-ның бас хатшысы қызметін атқарды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!