Маск әлемдегі ең үлкен зымыранның қашан ұшырылатынын айтты

21:21, 18 қараша 2021
1080

© Сурет: spacex

Америкалық SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск көпреттік көлік жүйесі - Starship-тің орбитаға шығу мерзімін атады. Бұл әлемдегі ең үлкен зымыран болып саналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Starship-ті 2022 жылдың қаңтарында орбитаға жіберуге болады, деп жазды SpaceflightNow. Егер бұл мүмкін болса, онда SpaceX Техастағы қажетті ұшыру алаңының құрылысын аяқтап, тиісті зымыран сынақтарын өткізіп, кейіннен АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасынан ұшыруға рұқсат алады.

 

Біз бірінші орбиталық ұтқыр қозғалтқышты және бірінші орбиталық кемені құрастыруды аяқтадық. Осы айдың соңында ұшыру алаңы мен мұнарасын жасап бітіреміз, содан кейін желтоқсан айында бірнеше сынақ өткізіп, қаңтарда оны іске қосамыз деген үміттеміз, – деді Илон Маск.

 

SpaceX басшысының айтуынша, Starship-тің алғашқы орбиталық сапары "үлкен тәуекелге ие, сондықтан оның сәтті болуы екіталай". Алайда Маск дәл осы жобаға қатты үміт артады.

 

Менің ойымша, біз үлкен жетістікке жетеміз, - деді ол.

 

2022 жылы SpaceX көпреттік көлік жүйесін 12 рет ұшыруды жоспарлап отыр. 2023 жылы компания Starship-ті коммерциялық бағытта пайдалануға ниетті.


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!