Маса қандай адамдардың қанын сүйсініп сорады

14:58, 9 тамыз 2019

Сібір мемлекеттік медициналық университетінің ғалымдары масаның көбінесе қай қан тобына жататын адамдарды шағатынын анықтады, деп хабарлайды Lenta.ru.

Мамандардың пікірінше, масаға таңдау берсең – бірінші кезекте I-ші қан тобындағы адамдарды шағады екен.

Зерттеуге сай, бірінші қан тобындағыларды екінші қан тобындағылармен салыстырағанда маса екі есе жиі шағады

Сонымен бірге, маса шағатын кісіні таңдағанда оның денесінің температурасына, тері астындағы қан айналымының белсенділігіне, иістері мен зат алмасу деңгейіне қарайды.

"Таңдау болған жағдайда маса көбіне баланы емес, ересек адамды, жүкті әйелді, ірі денелі адамды және қара жұмысты көп істейтін адамдарды шағады", - дейді ғалымдар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!