Мас жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 8 жыл көлік жүргізу құқығынан айрылды
© Сурет: Zakon.kz
Ескелді ауданының жол сақшылары 10 қаңтар түнде автопатрульдеу кезінде аудан орталығының көшесінде жүрісі күмән тудырған «Мазда-626» маркалы көлігін тоқтатып, жүргізушінің ішімдік ішкенін анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Медициналық куәландыру полицейлердің болжамын растады.
Аталған дерек бойынша «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 608-бабына сәйкес хаттама толтырылып, сот шешімімен 1979 жылы туған тұрғын 15 тәулікке қамаққа алынды. Енді бұл жүргізушінің 7 жыл көлік тізгіндеуге құқығы да жоқ. Өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіретін мас жүргізушілерге бұл әділ жаза деп ойлаймын. Ескелді АПБ бастығы полиция подполковнигі Қайрат Баймұханов
Ауданның бас полицейінің ақпаратына сәйкес, 10 қаңтар күні патрульдік полицейлер Шымыр ауылында тағы бір күмәнді жүргізушіні ұстаған. Алайда, жүргізуші медициналық сараптамадан өту тәртібінен бас тартқан. Сот органдарының қарауына ұсынылған іс материалдары бойынша тиісті сот шешімі шығып, жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған және 8 сегіз жылға көлік тізгіндеу құқығынан айырылған.
Масаң күйде көлік тізгіндеу – өте қауіпті әрекет екенін және ол қолданыстағы заңға сәйкес қатаң жазаланатынын ескерткім келеді. 2021 жылы 25 жүргізуші масаң күйде ұсталып, жүргізу құқығынан айырылса, биыл да заңды өрескел бұзған тұрғындар бар. Барлық жүргізушілерді жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамын. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 24 сәуір 2024
«Торсыққа су жинаймыз». Қазақстанда тұңғыш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
-
22:38, 24 сәуір 2024
ОПЕК + келісімі: Қазақстан мұнай бойынша асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді
-
22:28, 24 сәуір 2024
«Адам іздеп жүрмін!». Астанада Әкім Ысқақтың шығармашылық кеші өтті
-
22:15, 24 сәуір 2024
Қорғаныс министрі су тасқыны кезінде көмекке жұмылдырылған әскери қызметкерлерге алғыс білдірді
-
21:50, 24 сәуір 2024
«Жаңбыр соңы қарға ұласады». Бейсенбіде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды