Мас күйдегі "мінезді" Үндістан азаматы ұшақта шу шығарды

16:52, 11 қыркүйек 2019
98

Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне "Эйр Астана" АҚ өкілінен "Алматы-Шымкент" бағытындағы әуе кемесінде құқық бұзушы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік полицейлері тексеру барысында 43-жастағы Үндістан Республикасының азаматын анықтады.

Масаң күйдегі азамат қоғамдық орында өзін дөрекі ұстап, жолаушылардың мазасын алған.

Құқық бұзушы жоғарыда аталған әуе кемесінен акті бойынша түсіріліп алынды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес құқық бұзушының "орташа дәрежедегі" масаң күйде болғаны анықталды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1 бөлігімен, яғни, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК (12 625 тенге) көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін 38 590 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан, оның ішінде алкогольді ішімдік ішкен және қоғамдық орында масаң күйде болған - 4 669 адам.


Источник: zakon.kz


Пікір