Мас ер адам балалардың көзінше сүйіктісін өлтірді

17:31, 15 ақпан 2018
581

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына әйелін пышақтап өлтіріп, танысын ауыр жаралаған ер адамға қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан alau.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сүйенек, өткен жылдың 19 желтоқсанында Қарасу ауданының Железнодорожное ауылында жантүршігерлік қылмыс жасалды.

39 жастағы мас ер адам азаматтық некедегі әйелін іздеп, оның құрбысының үйіне келеді. Есікті бұзып кірген кезде, үйде сүйіктісі мен кішкентай үш баласы бар құрбысы болған.

"Балалар ызаға булыққан ер адамды көріп, қорыққаннан басқа бөлмеге тығылады. Мас ер адам залға кіріп, азаматтық некедегі әйеліне бірнеше жерден пышақ сұққан. Әйел оқиға орнында жан тапсырды. Кейін үш баланың анасын да пышақтаған", — деп хабарлады сот.

Алайда әйел дер кезінде аудандық ауруханаға жеткізіліп, аман қалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!