Мас болып, қызметінен шығып қалған полиция полковнигі журналистерді сотқа берді

11:08, 18 қазан 2019

Арақ ішіп, қызметіне нұқсан келтіргені үшін қызметінен босатылған полиция полковнигі сотқа шағымданып, өзінің абыройын аймандай қылған Newtimes.kz ақпарат агенттігі мен Еуразия Бірінші арнасының журналистерін жауапқа тартуды сұрады. Бүгін Нұр-Сұлтанның Алматы аудандық сотында ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғай отырып,осы негізде БАҚ-тарда жарияланған мақаланы теріске шығарып, өзіне келтірілген зардапқа 1 миллион теңге (әр редакция) моральдық шығын талап еткен сот ісі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2018 жылдың 30 қарашасында "Евразия" телеарнасында өзінің ерсі қылығымен елді «таң қалдырған» мемлекеттік қызметкерлер туралы репортаж көрсетілген. Атап айтқанда, ол арада жиналыста төбелескен дәрігерлер, көшеде кетіп бара жатқандарды ұрған полицияның мас қызметкері және сотқа арызданушы, журналистердің пікірінше, мас болған полковник Ерік Батталов та бар. Ол мас болып, ауруханаға түсіп, сол арада дәрігерлерге қол көтерді делінеді репортажда.

Тура осыған ұқсас мақала 2018 жылдың 30 қарашасында Newtimes.kz ресурсында жарияланды. Бұл басылымның журналистері құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасаған. Көлік полициянан екі басылымның журналистері де ресми жауап алған. Құзырлы органға жолдаған сауалында журналистер Батталов туралы өздеріне белгілі фактілерді тізіп, оның болашақ тағдыры туралы сұраған. Ал алынған жауапты құзырлы орган бұл фактілер бойынша тексеру жүріп жатқанын, ол тексеру аяқталғанша уақытша жұмыстан шеттетілетінін айтқан.

Семей станциясы желілік полиция бөлімінің бастығы не бүлдірген?

Бүгінгі сот отырысына процеске қатысушылардан алынған фактілерге сүйенетін болсақ:

Ерік Батталов жұмыс күнінің соңында алдымен досымен кафеде спирттік ішімдік ішеді, содан кейін олар қонақүйге барып, сол арада тағы ішеді (Ресейден келген досы сол араға аялдапты), сол арада полиция қызметкері өзін жайсыз сезінеді.

Батталова қонақ үй қызметкерін шақырады, ал ол өз кезегінде жедел жәрдемге қоңырау шалады. Жедел жәрдем дәрігерлері оған: «этанолдан орташа деңгейде улану» деген диагноз қояды, ал ер адамды қабылдап, жіті тексеру жүргізген Семейдің бүйрек аурулары орталығының дәрігерлері оған: «орташа дәрежедегі интоксикация, яғни мастық» деген диагноз қойған.

Полиция қызметкері бірнеше сағат бойы медициналық орталық дәлізінде еденде жатып қалады. Ағза тазару үшін әртүрлі сұйықтықтарды бөліп, шығарған. Кейін өз-өзіне келген ер адам орнынан тұруға тырысқан, бірақ кейбір куәгерлердің айтуынша, ол сол күйі өздігінен тұра алмаған. Ал одан кейін медицина мекемесі қызметкерлерін балағаттап, дөрекілік танытқан (барлық медициналық қызметкерлер оның бұл ерсі қылығын растамаған).

Дәрігерлер полковникті туысы немесе танысымен ілестіріп, үйіне жібергісі келген. Бірақ ол ешкімге телефон соқпай қойған. Сондықтан медбике "102" -ге қоңырау шалып, солар ол кісіні алып кеткен.

Айтқандай, көлік полициясы департаментіндегілер "102" -ге Бүйрек аурулары орталығынан екі рет қоңырау түсіп, Батталовқа шағымданғанын растады. Екі ретінде де ол айқайлап, жұлқынып және медициналық қызметкерлерге дүрсе қоя беруде екені айтылған.

Кейін қоңырау шалушылардың бірі полиция қызметкерін мүмкіндігінше тезірек орталықтан алып кетуі үшін әсерілеп айтқанын мойындады. Тергеуші екінші қоңырау шалған адамды таппаған.

Батталовтың өзі дәрігерлермен ұрыспағанын айтады:

"Мен бұл жерде өзім туралы көп нәрсені білдім", - деді ол сотта ресми тексеру нәтижелері жарияланғаннан кейін.

- Мен медициналық қызметкерлерді ұрып-соғып, балағаттаған жоқпын. Оны жоққа шығарамын. Өйткені мен сөйлей де алмағам ол кезде. Ал орындықтан құлап құсқаным, еденде жатып қалғаным рас, ол үшін ешкімді кінәламаймын. Менің соным ғана дұрыс емес.

Ал полиция қызметкері қалай учаскелік полиция бөлімшесіне тап болды, онда өзін қалай ұстайды, ол туралы БАҚ-қа жазуға тыйым салынды. Өйткені қызметтік тергеу әлі аяқталмаған деген себеппен жазуға тыйым салды. Бірақ соңында Батталов маскүнемдік пен дөрекі әрекеті үшін жұмыстан шығарылды.

Журналистер кінәсі неде?

Шағымданушы өкілдерінің айтуынша (екі адвокат), журналистер фактілердің дұрыстығын тексермеген: Батталов дәрігерлерді ұрған жоқ, материал жарияланған кезде оқиға ресми расталмаған.

- Сіздің мақалаңыз ұрып-соғу туралы. Ұрып-соғу фактісін не дәлелдейді? - деп сұрады Батталовтың адвокаты New Times.kz ақпарат агенттігінің бас редакторынан.

- Біз бұл іс бойынша сауалда көрсетілген барлық ақпаратты көрсеттік. 2019 жылғы 5 тамыздағы және 2018 жылғы 30 қарашадағы ресми сауалға жауап бар. Бірінші хатта олар бізге: "Көліктегі полиция департаменті жеке қауіпсіздік басқармасы Семей станциясы желілік полиция бастығына қақатысты қызметтік тергеу жүргізуде. Ол тергеу барысында уақытша жұмысынан шеттетілді" деп жауап берді. Бұл оқиға туралы біз білетініміздің барлығын ресми сауалда тізіп көрсеттік. Ал полиция департаменті бұл фактіні растады, - деп жауап берді Дмитрий Ким

- Ал сонда олар не деп жауап берді, ЛОП бастығы дәрігерлерді ұрғанын растаймыз деп жазды ма? – деп сұрады адвокат.

- Әдетте, полиция бұл ақпаратты жоққа шығару мақсатында мұндай фактілерді тіркемегендерін айтады ...

- Әдетте? Адвокат редактордың сөзін бөлді. - Әдетте қашан?

- Біз сауал жолдаған кезде.

- Дүрсе қоя беру мен ұрып-соғу деген екітүрлі нәрсе емес пе, - деп қосты адвокат.

- Сауалда былай делінді: "Редакцияға Семей қаласы ЛОБ басшысының медициналық қызметкерлерге көрсеткен заңсыз әрекеттері туралы хабарлама келіп түсті (атап айтқанда ұрып-соғу, балағаттау, - деді Ким сотта). Ол бір жерде псирттік ішімдік ішіп отырғанда өзін жайсыз сезінген. Содан кейін оны ауруханаға апарған, ол сол арада мінез көрсетіп, шу шығарған соң медбикелер полицияға қоңырау шалуға мәжбүр болған" делінеді бізге келіп түскен ақпаратта. Осыған байланысты Сізден мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз:

1. Мұндай оқиға шынымен де болды ма?

2. Оқиғаға заңды баға берсеңіздер;

3. Оқиғаға байланысты қандай шаралар қолданылды?

4. ЛОБ басшысына қатысты қандай шаралар қолданылады?

"Ал жауабын жаңа айттым. Мен мұнда сотқа жүгінушінің аты-жөні аталмағанын және басқа жерлерде де мүлде келтірілмегенін баса айтамын", - деді Дмитрий Ким.

Репортажда Батталовтың аты-жөні айтылмағанын Евразия Бірінші арнасының өкілі де айтты. Бірақ ол мақала жарияланғанда Семей қаласы ЛОБ басшысы басқа адам болған.

- Басқа дәлел бар ма, ол кісінің мас болып, медициналық қызметкерлерді ұрып-соққаны туралы. Дүрсе қоя беру мен ұрып-соғу деген екітүрлі жағдай ғой? - деп сұрады адвокат

- Біз құзырлы мемлекеттік органдарға жүгіндік. Біздің қызметіміз "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңмен реттеледі және біз соған сәйкес бәрін жасадық, - деп жауап берді Ким. Ал Евразия Бірінші арнасының өкілі талап қоюшы өкілдерінің өзіне сұрақ қойды. Алдымен жарияланған ақпараттың сенімсіздігіне олардың дәлелі бар ма деп.

Көліктегі полиция департаментіндегілер журналистердің ресми сауалына жауап беруде, олар бұл мәліметті растамағанын, тек бұл оқиға бойынша тексеру жүріп жатқандарын айтты.

- Сіз жұмыстан шығаруға себеп болған факт жала жабу әрекеті деп санайсыз ба? - деп сұрады судья Айнаш Божігітова полиция өкілінен.

- Қоғамдық жерде мас болу жағдайы, сонымен қатар дәрігерлерді балағаттау. Мұның бәрі қызметтік тергеу кезінде алынған материалда, яғни видеода бар, - деді көлік полициясының өкілі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!