Марқұм Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасу рәсімі жабық жағдайда өтеді

21:16, 2 тамыз 2020
272

Марқұм Жақсылық Үшкемпіровтің отбасы қайғысымен бөлісіп, көңіл білдірген жандардың барлығына, сондай-ақ қоштасу рәсіміне қатысты алаңдаушылық танытқандарға да өз ризашылығын білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ даңқты спортшымен қоштасу рәсімі пандемияға байланысты өз туған-туыстары, жақын-жамағайы ортасында жабық режимде өтетінін де ескертті.

"Қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, марқұмның асы еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай оң шешімін тапқаннан кейін ғана өткізіледі", деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 2 тамызда қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!