Марат Оразаев ҚР АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

17:27, 22 қаңтар 2021
517

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Марат Аблахатұлы Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Оразаев 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын "инженер-экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Қазақ экономика және агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру ҒЗИ-да экономист болып бастаған.

1993 жылдан 1999 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды.

1999 жылдан 2008 жыл аралығында — ҚР АШМ Қаржы департаменті директорының орынбасары, Бюджет департаментінің, Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2008-2011 жж. — ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2011-2013 жж. — ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, инспекторы.

2013-2015 ж. — ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылдан 2019 жыл аралығында "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2021 жыл аралығында ҚР АШМ жауапты хатшысы қызметін атқарды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!