Марадонамен жүздесу бақыты бұйырған қазақ баласы желіде жантебірентерлік жазба жариялады

14:35, 26 қараша 2020
164

25 қарашада кешке аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бүкіл әлем қаралы хабарды зор күйзеліспен қабыл алды. Қазақстанда өзінің кумирі - аңыз адам Марадонамен жүздесу, онымен футбол ойнау бақыты бұйырған ерекше бала тұрады. Міне, сол бала - Әли Тұрғанбек өзінің кумирі туралы желідегі парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Әдетте, менен : "Қандай кездесу, кіммен болған жүздесу саған ерекше ұнады" деп сұрап жатады. Әр кез бұл сауалға жауап бере отырып, "Мықтылардың мықтысы, Аңыз адам - Диего Марадонамен болған кездесу, әрине" деп жауап беретінмін! Бұл менің мықтылармен болған алғашқы кездесуім де еді! Ол маған бүтіндей екі күнін арнады! Ол алғаш рет маған жақындап келіп, мені қатты қысып құшақтап, көпке дейін құшағынан жібермей тұрып алғанда, мен бізді 100 жылдан бергі жақын таныстар секілді сезіндім. Туған адамы секілді мені сүйіп, айналып-толғана берді. Тіпті, аяғының ауырғанына қарамастан! Иә, сол кездесуде оның аяғы ауырып жүргені білініп тұрды. Аяғын қозғау ауырға соққан секілді. Бірақ ол мықтының мықтысы - Диего Марадона ғой, онысын білдірмеді, керісінше мені алаңға алып шығып, доп ойнады. Бұл, негізі жоспарда болмаған. Мен оны бір рет көріп, құшақтасам болды деп тілек білдірген едім, маған "ол сенімен доп ойнай алмайды" деп ескерткен. Бірақ Марадона аты затына сай жүрегі кең, мейірбан жан болып шықты, оның осы бір ілтипаты, ерекше назары менің кішкентай жүрегімді елжіретіп, бұл ұмтылмас сәт санама қорғасындай құйылды! Жатқан жерің жайлы болсын, жанын Жәнатта шалқысын, қымбатты досым Диего Марадона! Иә, ол менің досым, сол кезде Марадона өз жазбасында мені де "досым" деп жазған еді! - деп жазды Әли Инстаграмдағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ali Turganbekov (@ali_amir_happy)

Әли Тұрғанбеков Талдықорған қаласында дүниеге келген. Оның аяғы тумасынан жоқ. Отбасы астанаға көшуге мәжбүр болды, себебі баланың туған жерінде оған жағдай болмады, оны мектепке қабылдамады. Ол футболды өте жақсы көреді. Бала кезінен бері әлемдік футбол жұлдыздары Роналду, Хави, Месси, Лука Модричпен кездесіп, 2019 жылғы Еуропа Суперкубогының алдындағы "Ливерпульдің" жаттығуларын да тамашалап үлгерді. Әли өзінің Диего Марадонамен кездесуді армандайтыныы туралы видео үндеу жолдаған, көп ұзамай оның арманы орындалды. 2018 жылы Әли аты аңызға айналған аргентиналықпен футбол алаңында доп ойнады. Марадона қақпаға доп тепті, ал Әли ол соққан доптарды қағып алуға тырысты. Содан кейін футболшы жейдесіне қолтаңбасын түсіріп, оны Әлиге сыйлады.

Диего Марадона жүрек талмасынан қайтыс болды. Clarin басылымының мәліметінше, оның жүрегі тоқтап, ауруханаға ауыр жағдайда 25 қарашада түскен. Бұрын ол миына қан құйылып ауруханаға түскен, 11 қарашада Марадона жасалған отадан соң үйіне босатылған. Соңғы кездері оның депрессияға шалдыққаны да атап өтіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір